Айырбастау пункттерінде доллар бағамы 500 теңгеден асты

16:00, 18 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 18 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 497,89 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,68 теңгеге дейін өсті (+0,28).

Ақша айырбастау орындарында доллар 498,7-500,5 теңгеге, еуро 524,5-528,5 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,05 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 18 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да көтерілуде.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,32%-ға өсіп, барреліне 71,27 долларды құрады.

Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,25%-ға өсіп, барреліне 67,09 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 495,95 теңге, еуроны 524,37 теңге, рубльді 4,98 теңге деп белгіледі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!