Instagram-да лотерея ойнатқан шымкенттік блогер сотталды
© Сурет: pexels
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз лотерея ойнатты деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылы маусым айында Шымкент қаласында ер адам Instagram-дағы парақшасында лоторея билетінің бағасын 2 000 теңге деп белгілеп, Toyota маркалы автокөлік құралын және ақшалай ұтыс ойындарын өткізген.
Сот отырысында Н. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, ұтыс ойынын ұйымдастыру заңсыз екенін білмегенін айтып, кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін жеткізді.
Сот Н.-ға әкімшілік жаза қолдануда оның құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ал жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, оған әкімшілік жаза ретінде 258 440 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:25, 18 қараша 2024
«Қамқоршылық органы қызметкерлерінің саны артады». Зәкиева жақсы жаңалығымен бөлісті
-
21:10, 18 қараша 2024
Алматыда ағаш тақтайлар сақталатын қоймада алапат өрт болды
-
20:59, 18 қараша 2024
Алматыда жаппай төбелескендер видеоға түсіп қалған
-
20:17, 18 қараша 2024
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан-Ресей медиа форумына қатысты
-
20:03, 18 қараша 2024
Тоқаев Сербия астанасына ресми сапармен келіп жетті