Абай облысында браконьерлердің әрекеті көктегі дрон арқылы әшкереленді

17:14, 18 қараша 2024

© Сурет: видеодан алынды

Полиция қызметкерлері Ертіс өзенінде браконьерлерді ұстау мақсатында арнайы операция жүргізді. Ұстау сәттері полиция әуеден бақылау үшін пайдаланатын дрон арқылы түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде 35 жастағы Семей тұрғынынан 850 келі әртүрлі балық, 398 қытай ауы, жеті қайық, үш бензомотор және жеркепенің астынан жасырылған тіркелмеген ИЖ-58 қосауыз мылтығы табылды.

"Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеден асып түсті. Заңсыз балық аулауды ұйымдастырған адам және оның бес жалдамалы балықшысы су биоресурстарын заңсыз өндіру үшін жауапқа тартылды. Ұйымдастырушы қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауап береді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Жамбыл облысының полицейлері 6 тоннаға жуық есірткі тәркілегені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!