Перзентханадан айыппұл тұрағына: кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты
© Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласының соты Алматы — Өскемен тасжолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілеріне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Естеріңізге сала кетейік, желіде бірнеше көліктің өзге жүргізушілердің жолын бөгеген сәті түсірілген видео тараған еді. Полицейлердің анықтауынша, жол ережесін бұзушылар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан.
"Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күннен қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды",- делінген ІІМ ақпаратында.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, жолда қауіп төндіретін кез келген әрекеттің жолы кесілетінін ескертті.
Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қаласында "жалған полицейлер" ұсталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:23, 19 қараша 2024
21 қарашаға дейін қандай салық есептілігі ұсынылуы және төленуі керек
-
16:00, 19 қараша 2024
Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
15:33, 19 қараша 2024
Тұтқындалған Іле ауданы әкімінің орнына жаңа басшы тағайындалды
-
15:00, 19 қараша 2024
«Алтын-Емел» қорығындағы суаттан шөлдерін қандырған тіршілік иелері фототұзаққа ілікті
-
14:36, 19 қараша 2024
Еліміздегі жосықсыз жеткізушілерге артық ҚҚС қайтаруды болдырмау жоспарлануда