Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алудың «жаңа» тәсілі ұсынылуда
© Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде көліктің кез келген түріне жүргізуші куәлігін сату туралы хабарландырулар тағы да жариялануда. Емтихан тапсырудың қажеті жоқ, ал рәсімдеу процесіне 2-3 күн кетеді. Бұл алаяқатардың ісі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарнама авторларының айтуынша, бәрі заңға сәйкес жасалады.

Сурет: Stopfake.kz
Алайда, бұл алаяқтардың әрекеті.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жалған жарнамаларға қатысты Stopfake.kz мамандарына келесідей түсініктеме берді.
"Әлеуметтік желілерде белгілі бір сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететіндер туралы ақпараттар таралуда. Осындай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Алаяқтар алдын ала төлем сұрап алып, артынан ізін суытады", – деп атап өтті ведомстводағылар.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді келісімдерден аулақ болуға шақырады.
Сондай-ақ, мұндай тәсілмен жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес екені нақтыланды.
"Күдікті ұсыныстар анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарлау қажет". ҚР ІІМ
ҚР ІІМ жүргізуші куәлігін алу рәсімін еске салды:
- жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, қажетті санат бойынша курсты аяқтағаны туралы куәлік алу қажет.
- сол санат бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттарды, автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлікті, медициналық анықтаманы, жүргізуші куәлігін дайындау үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет.
Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда азаматқа көлік құралын басқаруға арналған жүргізуші куәлігі беріледі.
Бұған дейін Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 18 желтоқсан 2025
Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
-
12:46, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген жаңа атаққа ие болды
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды





