Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды
© Сурет: gov.kz
Ақтөбе облысының прокуроры Халидолла Дауешов қызметтен босатылды. Бұл туралы 2024 жылдың 19 қарашасында Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство ақпаратында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды".
Сондай-ақ, Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен наградталғаны, Прокуратураның құрметті қызметкері екені атап өтілді.
Сурет: gov.kz
Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ауғанстан Республикасында соғыс қимылдарына қатысқан. 1991 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Мансабы:
Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Гурьев қаласы прокуратурасының тәлімгері болып бастаған.
1992-1994 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 1994-1999 жылдары Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы болып қызмет істеді.
1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры болды.
2002-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарының және Атырау қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды.
2012-2019 жылдары Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысының прокуроры қызметтерін атқарды
2019-2022 жылдары Атырау облысының прокуроры қызметтерін атқарды.
2022 жылдың 27 шілдесінде Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:36, 19 қараша 2024
Еліміздегі жосықсыз жеткізушілерге артық ҚҚС қайтаруды болдырмау жоспарлануда
-
14:11, 19 қараша 2024
Қостанай облысында адасып кеткен малшы табылды
-
13:57, 19 қараша 2024
Перзентханадан айыппұл тұрағына: кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты
-
13:35, 19 қараша 2024
Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алудың «жаңа» тәсілі ұсынылуда
-
12:54, 19 қараша 2024
Қазақстанда білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу жоспарлануда