Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады

16:05, 18 қараша 2026
MKZ: 1578413

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздердегі арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Кездесу барысында Ержан Қазыхан Президентке Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған нақты міндеттер жүктеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!