Қонаев қаласында мектеп баспалдағының жақтауынан құлаған оқушы қайтыс болды
© Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияда үшінші қабаттағы баспалдақтың жақтауынан құлаған 6-сынып оқушысы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 қарашада түскі уақытта болған.
"Бала құлаған кезде басынан жарақат алды. Дереу жедел жәрдем шақырылып, оқушы қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады білім бөлімі.
17 қарашада оқушыға ота жасалған. Алайда 18 қараша күні таңертең бала қайтыс болды.
Білім бөлімінің мәліметінше, мектепте 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оқиға камераға түсіп қалған.
"Бейнежазбадан оқиға кезінде баланың жалғыз болғаны және баспалдақтың жақтауымен сырғанамақ болғаны көрінеді. Жазбада өзге біреудің баланы ұрғаны немесе итергені тіркелмеген", – деп мәлімдеді Қонаев қаласының білім бөлімі.
Қазір қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін ҚазҰУ-дың қайтыс болған бірінші курс студентінің анасы студенттерден мәжбүрлеп ақша жинау және жоғары курс студенттерінің төменгі курстағыларға әлімжеттік көрсетуі туралы айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:41, 18 қараша 2026
Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындалды
-
15:37, 18 қараша 2026
Қызылордада сегіз жүргізуші жолда тәртіп бұзды: оқиға немен аяқталды
-
15:31, 18 қараша 2026
Қызылша күдігі: Атырау облысында бір жасар баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасалды
-
15:22, 18 қараша 2026
Қай елдердің қарыз жүктемесі ең жоғары және Қазақстандағы жағдай қандай
-
15:18, 18 қараша 2026
Астанада 6 градусқа дейін аяз болады, Алматыда жауын-шашынсыз, Шымкентте күн 20 градусқа дейін жылынады





