Мектептер мен медпункттерге Денсаулық сақтау министрлігінен 8 мыңнан астам ескерту берілді
© Фото: Zakon.kz/Алия Абди
2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мемлекет қаржыландыратын нысандарда жүргізілген тексерулердің нәтижесін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол биылғы 1 ақпаннан бастап бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын балалар нысандарына мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі енгізілгенін еске салды.
Жаңа тәртіп мұндай нысандардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Оның ішінде мониторинг жүргізу және жоспардан тыс тексеру қарастырылған.
Жаңа оқу жылына дайындықты тексеру барысында мектептердің 99%-ы, медициналық пункттердің 96%-ы және мектеп-интернаттардың 99,2%-ы маусым айында бастаған. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін 8 400 ескерту беріліп, 287 жедел шара қабылданған, - деп мәлімдеді министр.
Оның ішінде:
- 247 нысанның жұмысын тоқтатуға немесе қызметіне тыйым салуға қатысты шара қабылданды;
- оның 240-ы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты;
- 7 жағдайда мектептер апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқаны анықталған;
тағы 40 шара ғимараттардың санитариялық-техникалық жағдайының талапқа сай болмауына, инженерлік желілердің ақаулығына және нысандарды қауіпсіз пайдалануға қажетті жағдайлардың болмауына байланысты қабылданған.
Тамыз айына дейін берілген ескертулердің 82,8%-ы орындалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 18 тамыз 2026
Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде ел намысын қорғайды
-
19:11, 18 тамыз 2026
Қазақстан колледждерінде 70% орын техникалық мамандықтарға бөлінеді
-
18:51, 18 тамыз 2026
Жұмысқа шықпай қойған қазақстандық 3,7 млн теңге төлеуге міндеттелді
-
18:37, 18 тамыз 2026
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымында кіммен ойнайды
-
18:16, 18 тамыз 2026
Қазақстандық әйел тез байып кетпек болып, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды





