Амазонияда суы 86°C-қа дейін қызатын өзеннің құпиясы ашылды
© Сурет: pexels
Перу Амазониясындағы өзен салаларының бірінде судың температурасы алты шақырым бойы 86 градусқа дейін жетеді. Бір қызығы, бұл аумақтан 700 шақырым радиуста бірде-бір жанартау жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Spacedaily басылымының ақпаратына сүйенсек, жергілікті тұрғындар бұл жерді "Шанай-Тимпишка" деп атайды. Шамамен аударғанда бұл атау "күнге қайнатылған" деген мағынаны білдіреді.
Алайда өзеннің мұндай ыстық болуының себебі күн сәулесінде емес, геологиялық процестерде жатыр.
Анд тауларына жауған жаңбыр суы тау жыныстарындағы жарықтар арқылы жер астына сіңеді. Бірнеше шақырым төмен түскеннен кейін су жердің ыстық қабаттарымен жанасып, қызады. Кейін ол жер астындағы жарықтар арқылы қайта көтеріліп, өзен саласына құяды. Ал бұл өзен Амазонкаға барып қосылады.
Яғни бұл жерде жанартау да, жер астындағы магма көзі де жоқ. Су жай ғана жер астында ұзақ тұрып, қатты қызған күйде қайта жер бетіне шығады.
Негізгі көрсеткіш – 86°C. Бұл өзеннің ең ыстық бөлігіндегі орташа температура. Ал геотермалдық зерттеуші Андрес Рузо өлшеген ең жоғары температура 90°C-тан асқан. Кей жерлерде су қайнау температурасына жақындайды.
Салыстыру үшін айтсақ: тұрмыстық шәйнектен құйылған ыстық қара кофенің температурасы шамамен 85-90°C болады. Ал бұл өзеннің кей бөліктеріндегі су да дәл сондай ыстық.
Температуралық көрсеткіштерді алғаш картаға түсірген Рузо мұндай судың адамға қаншалықты қауіпті екенін де айтқан.
"Егер қолыңызды суға салсаңыз, бірнеше секундтың ішінде екінші немесе үшінші дәрежелі күйік алуыңыз мүмкін. Өзенге түсіп кеткен ұсақ жануарлар – бақалар, кесірткелер, кейде құстар бірден өледі", – деді ол.
Өзеннің аса ыстық бөлігі шамамен алты шақырымға созылады. Бұл жерде пайда болатын бу соншалықты қою, тіпті салқын таңертең өзеннің арғы жағасын көлегейлеп тастайды.
Бұған дейін Сахарадан қазіргі уақытта жоқ болып кеткен әлемді бейнелейтін ежелгі суреттер табылғаны туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 18 тамыз 2026
Су астында 10 минутқа дейін дем алмай жүре алатын халық анықталды
-
12:17, 18 тамыз 2026
Қытайда биіктігі 288 метрлік жеделсаты тауға шығу уақытын алты сағаттан 30 минутқа қысқартты
-
10:45, 18 тамыз 2026
Эльбруста сегіз альпинист жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
-
10:35, 18 тамыз 2026
АҚШ-та ChatGPT-мен кеңескен жасөспірім анасы мен інісін өлтірді деген күдікке ілінді
-
10:28, 18 тамыз 2026
Мальтада аптап ыстықтан ұшақ жолаушылары есінен танды





