Қазақстан колледждерінде 70% орын техникалық мамандықтарға бөлінеді
© Фото: primeminister.kz
Биыл Қазақстан колледждеріне 133 мың студент қабылданады. Оның 70%-ы техникалық мамандықтар бойынша білім алады. Бұл туралы 18 тамызда Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі 763 колледжде 556 мың студент білім алып жатыр.
"Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадр даярлауға бағытталады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың өтінімдері негізінде 10 мыңнан астам студентті қабылдау жоспарланып отыр. Бұл студенттер оқуын аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналасады.
Биыл колледждерге құжат қабылдау "OQU" бірыңғай платформасы арқылы жүргізіледі.
Министрдің айтуынша, жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіби стандарттар, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМБС) және WorldSkills стандарттары негізінде 500-ге жуық білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылды.
Бұған дейін Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер міндетті түрде оқытылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 18 тамыз 2026
Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде ел намысын қорғайды
-
19:36, 18 тамыз 2026
Мектептер мен медпункттерге Денсаулық сақтау министрлігінен 8 мыңнан астам ескерту берілді
-
18:51, 18 тамыз 2026
Жұмысқа шықпай қойған қазақстандық 3,7 млн теңге төлеуге міндеттелді
-
18:37, 18 тамыз 2026
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымында кіммен ойнайды
-
18:16, 18 тамыз 2026
Қазақстандық әйел тез байып кетпек болып, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды





