Қазақстандық әйел тез байып кетпек болып, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғыны тез әрі көп ақша табуға уәде берген алаяқтарға сеніп, интернеттегі ірі алаяқтықтың құрбаны болды. Екі ай ішінде әйел алаяқтарға 10,2 млн теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 18 тамызда Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық схема FIBO Markets LTD жалған инвестициялық платформасына тіркелуден басталған.
Капиталын көбейтуге уәде берген алаяқтардың "қаржылық кеңесшілерінің" нұсқауын ауыл тұрғыны бұлжытпай орындап отырған.
"Ағымдағы жылдың мамырынан шілдесіне дейін ол екі несие рәсімдеп, таныстарынан қарыз алған және барлық жеке жинағын салған. Жалпы алғанда, жәбірленуші алаяқтарға 10,2 млн теңгеден астам ақша аударған", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Соңғы ақшасын аударғаннан кейін бір ай өткен соң ғана әйел қылмыскерлердің арбауына түскенін түсініп, полицияға арызданған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтар нақты инвестициялық компаниялардың сервистерінен сырт көзге айырмашылығы жоқ сайттарды жиі жасайтын болған.
Сенімді көріну үшін олар жалған құжаттарды пайдаланады. Ал бастапқы кезеңде жәбірленушілерге жеке кабинеттеріндегі ойдан шығарылған табыстың өсімін көрсетіп, салым көлемін арттыруға итермелейді.
"Ақшаңызды инвестицияламас бұрын компанияның қызметін, ресми тіркелгенін және лицензиясының бар-жоғын мұқият тексеру қажет. Бейтаныс адамдардың кеңесімен инвестиция салу үшін несие рәсімдеуге немесе қарыз алуға болмайды. Есте сақтаңыз: тәуекелсіз жоғары әрі кепілдендірілген табыс туралы уәде – алаяқтықтың кең тараған белгілерінің бірі", – деп қорытындылады ПД.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 18 тамыз 2026
Қазақстан колледждерінде 70% орын техникалық мамандықтарға бөлінеді
-
18:51, 18 тамыз 2026
Жұмысқа шықпай қойған қазақстандық 3,7 млн теңге төлеуге міндеттелді
-
18:37, 18 тамыз 2026
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымында кіммен ойнайды
-
18:12, 18 тамыз 2026
Мектептердегі жаңа пәндер: оқушылардың жүктемесі қаншалық артады?
-
18:04, 18 тамыз 2026
ТМД миссиясы сайлауалды науқанның өту жағдайына оң баға берді





