Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады
© Сурет: olympic.kz
Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға медальдар кестесінде төртінші орын алуға мүмкіндік берді.
Бірінші орынды тоғыз алтын және бір қола медаль иеленген Ресей құрамасы алды. Екінші орында Испания (екі алтын, төрт күміс және төрт қола) тұр. Бес күміс және екі қола медаль жеңіп алған Қытай құрамасы үшінші орынға жайғасты.
Еске салайық, Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова жұбы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін бағдарламада екінші орын алды. Сондай-ақ Қазақстан акробатикалық бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі рет жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:10, 3 қыркүйек 2026
Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды
-
22:42, 2 қыркүйек 2026
Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады
-
22:36, 2 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты
-
19:38, 2 қыркүйек 2026
Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды
-
18:33, 2 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы бір қола және бір күміс медаль





