Қазақстан жасөспірімдер ауыр атлетикадан Азия чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады
© Сурет: olympic.kz
Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының нәтижесі төменде көрсетілген.
Жас жеткіншектер
Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Ксения Прозорова (61 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Нұржан Жұмабай (95 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Төрехан Асанхан (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
Ал Нұрсыйла Берікбол (57 келіге дейін), Софья Шешукова (77 келіден жоғары) үшінші орын алды.
Жасөспірімдер
Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Софья Шешукова (86 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.
Ал Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ерасыл Сәулебеков (85 келіге дейін), Әлихан Әскербай (95 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:10, 3 қыркүйек 2026
Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды
-
22:42, 2 қыркүйек 2026
Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады
-
22:36, 2 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты
-
19:38, 2 қыркүйек 2026
Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды
-
18:33, 2 қыркүйек 2026
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы бір қола және бір күміс медаль





