Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
17 тамызда Қазақстан бойынша 12 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары барысында дер кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлер бойынша:
- Шығыс Қазақстан облысында – 1 өрт;
- Ақтөбе облысында – 1 өрт;
- Қарағанды облысында – 2 өрт;
- Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 2 өрт;
- Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
- "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резервінде – 2 өрт;
- "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резервінде – 2 өрт.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде анықталған.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" күштері және қажетті техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мамандар өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 4 қыркүйек 2026
«Ешкім қашып жатқан жоқ». Ұлттық банк МБҚ нарығындағы бейрезиденттердің рөліне тоқталды
-
18:49, 4 қыркүйек 2026
«Аптап ыстық қайта оралады». Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы
-
18:33, 4 қыркүйек 2026
Халықтың зейнетақы жинақтары жеке басқарушы компанияларға табысталады. Оларды кім таңдайды?
-
18:33, 4 қыркүйек 2026
Зейнетақы ақшалары жеке басқарушы компанияларға табысталады. Оларды кім таңдайды?
-
18:15, 4 қыркүйек 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы





