Мамыр айында еліміздің басым бөлігінде инфляция бәсеңдеді

20:10, 14 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Мамыр айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%). 16 өңірде бәсеңдеген жылдық инфляция тек бір өңірде жеделдеп, үшеуінде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды облысы мен Астана қаласында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 6,3%). Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Алматы қаласында (8,3%), минималды өсім Түркістан облысында (3,4%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6% болып, бұрынғы деңгейде сақталды (сәуірде – 7,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (14,2%), төменгі мән Алматы облысында (5,5%) тіркелді.

Мамырда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,9%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 13,5%). Сонымен қатар, Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Мамырда ел бойынша айлық инфляция 0,4%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы мамырда – 0,5%).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!