Қызылордада «Turǵyndar Amanaty» партиялық жобасы аясында форум өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, "АМАНАТ" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен "TURǴYNDAR AMANATY" партиялық жобасы аясында форум өтті.
Онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақылауымызда. Үш жылда 3 млрд. 500 млн. теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд. 775 млн. теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, 4 млрд. теңгеге қосымша 70 тұрғын үй жаңартылуда. Аулаларға демеушілер есебінен 80 спорт, ойын алаңы орнатылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Форум аясында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!" – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Басқосуда Ержан Жұматұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы" АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы, Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 18 маусым 2026
Мемлекеттік басшысы кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
-
13:19, 18 маусым 2026
Денсаулық сақтау саласында адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен – Тоқаев
-
13:14, 18 маусым 2026
Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді – Тоқаев
-
13:12, 18 маусым 2026
Ауқымды реформалардың арқасында Қазақстан жаңа тұрпатты Елге айнала бастады – Тоқаев
-
13:06, 18 маусым 2026
Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев





