Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
© Фото: Zakon.kz
Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 12 мамырында Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Осыған байланысты 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" қосымшаларында жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:58, 8 қараша 2026
ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті
-
19:34, 8 қараша 2026
Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты
-
17:57, 8 қараша 2026
Алматыда көлікті былғаған жолаушыны балағаттаған такси жүргізушісі жазаланды
-
17:36, 8 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
14:28, 8 қараша 2026
Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз аман-есен табылды





