Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апаты: полиция аталған оқиғаға қатысты тың мәліметпен бөлісті
© Сурет: unsplash
Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жалғызбасты ананың өліміне түрткі оқиғаға қатысты Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тың ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, кісі өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Көлік тізгініндегі әйелге қатысты адам өліміне әкеліп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу және көлік құралдарын пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Мән-жайды анықтау барысында әйелдің көлік құралын тізгіндеуге құқығы жоқ екендігі және тиісті дайындықтан өтпегені анықталды.
"Оның жұбайы - автокөлік иесінің үстінен көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, бұл бап бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны да қарастырады", – дейді 2026 жылдың 11 мамырында өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
"Бұл қылмыстық істі тергеу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының бақылауында", деп толықтырады құқық қорғау органдары.
2026 жылдың 9 мамырында Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында жол апаты болды. Қайғылы оқиғаға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан көлік тұрағына бұрылған темір тұлпардың алдымен бордюрға шығып, содан соң сол маңнан өтіп бара жатқан әйелді қағып, оны басып өткенін көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 11 мамыр 2026
БҰҰ басшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
-
21:38, 11 мамыр 2026
«Бұршақ түсіп, үсік жүреді». Сейсенбіде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:56, 11 мамыр 2026
Полиция жаяу жүргіншілерге жүгініп, мәлімдеме жасады
-
20:12, 11 мамыр 2026
2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды
-
19:56, 11 мамыр 2026
ШҚО-да жұмысшы биіктен құлап, мерт болды





