Қазақстан экономикасы төртінші ай қатарынан қарқынды өсіп келеді
© Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылғы 12 мамырда елдің алғашқы төрт айдағы экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.
Ведомство мәліметінше, бірінші тоқсан қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім айтарлықтай жеделдеген. Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 3% болған.
Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі де оң көрсеткішке шықты. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Ал бірінші тоқсан соңында бұл көрсеткіш 99,9% деңгейінде болып, төмендеу тіркелген еді.
Өнеркәсіптің қалпына келуіне өңдеу секторы негізгі серпін берді. Бұл саладағы өндіріс көлемі 9,9%-ға артты. Салыстырмалы түрде алғанда, қаңтар-наурыз аралығында өсім 8,5% болған.
Әсіресе машина жасау саласында жоғары өсім сақталды – 23,3%. Бұған көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауарлары мен жабдықтарын өндіру көлемінің артуы әсер еткен.
Сондай-ақ:
- жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,3 есе;
- жиһаз өндірісі 41,7%-ға;
- фармацевтика өнімдері 35,2%-ға;
- құрылыс материалдары 27,7%-ға;
- химия өнеркәсібі 18,4%-ға;
- азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өскен.
Тау-кен өндіру саласында төмендеу сақталғанымен, оның қарқыны бәсеңдеген. Бұл сектордағы көрсеткіш 92,7%-ды құрады. Ал бірінші тоқсанда 88,6% болған. Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келіп жатқанын және мұнай секторының экономикаға теріс әсері азайып келе жатқанын көрсетеді.
Жыл басынан бергі негізгі өсім көрсеткіштері:
- құрылыс – 114,5%;
- көлік және қоймалау – 112%;
- өңдеу өнеркәсібі – 109,9%;
- сауда – 105,1%;
- ауыл шаруашылығы – 103,6%.
Министрлік қорытындысына сәйкес, нақты ЖІӨ құрылымында шикізаттық емес салалардың рөлі артып келеді. Әсіресе құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібі экономикалық өсімнің басты драйверіне айналған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 12 мамыр 2026
Қолтырауын әйелге шабуыл жасап, оны су түбіне сүйреп алып кетті
-
10:46, 12 мамыр 2026
Елімізде күн күрт суытты: 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
10:37, 12 мамыр 2026
ҰҚК ауқымды арнайы операция жүргізді: ел бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
-
10:29, 12 мамыр 2026
Ақтөбеде пробацияда жүрген ер адам кәсіпкердің сеніміне кіріп, оны 2,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткен
-
10:18, 12 мамыр 2026
Көпбалалы ана әлеуметтік жәрдемақыны ішімдікке жұмсап, балаларын аш қалдырған





