Мәскеу соты қазақстандық рэперге айыппұл салды
© Фото: zakon.kz
Ресейде рэпер Ганвест есірткіні насихаттады деген айыппен 436 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай шешімді Мәскеудің Никулин аудандық соты Руслан Гоминовқа қатысты шығарғанын ТАСС агенттігі Мосгорсоттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Сот Гоминов Р.В.-ны ӘҚБтК-нің 6.13-бабы 1-бөлігі (есірткі заттары туралы ақпаратты қамтитын әдебиет және өнер туындыларын тарату) бойынша кінәлі деп танып, оған 70 мың рубль (шамамен 436 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салды", – делінген хабарламада.
Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, ән мәтіндерінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін есірткі заттарына оң баға берілген. Сондай-ақ сарапшылар әндердегі бейәдеп сөздердің қоғамдық мораль мен адам қадір-қасиетін қорлайтынын атап өткен.
Бұған дейін, наурыз айының соңында Мәскеудегі Таган аудандық соты да Гоминовқа айыппұл салған еді. Ол кезде әртіске қоғамдық моральды құрметтемеу белгілері байқалған ән мәтіні үшін 95 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:19, 18 маусым 2026
Денсаулық сақтау саласында адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен – Тоқаев
-
13:14, 18 маусым 2026
Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді – Тоқаев
-
13:12, 18 маусым 2026
Ауқымды реформалардың арқасында Қазақстан жаңа тұрпатты Елге айнала бастады – Тоқаев
-
13:06, 18 маусым 2026
Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев
-
12:53, 18 маусым 2026
Медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті – Тоқаев





