Қызылордада полицейлер 1200-ден астам көлік пен мыңдаған жолаушыға көмек көрсетті
© Фото: polisia.kz
Қызылордада полицейлер жабылған тас жолда 1200-ден астам көлік пен мыңдаған жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30-да Самара – Шымкент тас жолының 1911-1570 шақырым аралығында, яғни Шиелі ауданынан Байқоңыр қаласының шекарасына дейінгі аумақта, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа байланысты барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Осыған орай, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері күшейтілген кезекшілік режиміне көшті.
Олар оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде 785 жүк көлігі, 353 жеңіл автокөлік және 5 қоғамдық көлікке көмек көрсетілді.
Барлығы 2602 жолаушы, оның ішінде 336 әйел, 2253 ер азамат және 13 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Полицейлер адамдарды жақын маңдағы кешендерге орналастырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Көктайғақ салдарынан тас жолда 4 жол-көлік оқиғасы орын алғанымен, жарақат алғандар тіркелген жоқ. Техникалық ақауларға байланысты жолда тұрып қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларына да алғашқы көмек көрсетілді.
Олардың көліктері жөндеу үшін жақын орналасқан тұрақтар мен кешендерге жеткізілді. Көлік қозғалысын реттеу мақсатында 7 полиция экипажы тәулік бойы жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстады.
Бүгін таңғы сағат 04:30-да жолдағы көктайғаққа байланысты қойылған шектеулер алынып, қозғалыс қайта жанданды. Жүргізушілер мен жолаушылар сапарларын одан әрі жалғастырды.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тас жолдарда полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қызылорда полицейлерінің кәсібилігі мен жедел әрекеті көптеген азаматтардың өмірін сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды
-
16:36, 2 қаңтар 2025
Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 2 қаңтар 2025
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды
-
15:57, 2 қаңтар 2025
Түркістандық полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
-
15:34, 2 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: әуежайда тінту жүргізілді