Қызылордада мас жолаушы пойыздан түсіріліп, 3 тәулікке қамауға алынды
© Фото: Zakon.kz
Араққа сылқия тойған алматылық тұрғын пойыздан түсіріліп, 3 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 қазанда Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылшар пойызын патрульдеу кезінде құқық бұзушыны акт бойынша пойыздан түсірді.
Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстап, оның қоғамдық орында масаң күйде болғанын, ескертулерге құлақ аспай, жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.
Құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және тыныштықты бұзғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Алкогольдік ішімдіктерді ішу фактісі бойынша материал сотқа жолданды, себебі ол бұған дейін осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Сот шешімімен құқық бұзушы 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
-
20:22, 16 желтоқсан 2025
Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі мерекелік күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Билік мереке кезеңде әуе компаниялары мен әуежайларға жұмыс режимін күшейтуді тапсырды





