ҚР ІІМ-не жаңа функциялар берілді

16:47, 18 қараша 2026
MKZ: 1578424

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ішкі істер министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, министрліктің құзыретіне бірқатар жаңа функция қосылды:

  • азаматтық заңнамаға және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" заңға сәйкес көлік құралдары кепілін, тіркелген кепілге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ оның тоқтатылуын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
  • көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына екінші санаттағы рұқсат береді (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
  • рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметіне қойылатын рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді және бекітеді;
  • емтихандар өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға және жол қозғалысы саласындағы цифрлық жүйеге қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды пайдалану шарттарын белгілейді;
  • жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде жүргізушісіз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын келіседі;
  • көші-қон процестерін реттеу саласында шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өз құзыреті шегінде ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілердің жұмыс істеу және оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасына кіруді жоспарлап отырған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге арналған электрондық рұқсат береді, оның күшін жояды немесе заңнамаға сәйкес рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Сонымен қатар министрліктің кейбір функциялары жаңа редакцияда жазылды:

  • монополияға қарсы органмен келісу арқылы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін, Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен бергені үшін алынатын баға прейскурантын бекітеді;
  • көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру, механикалық көлік құралын басқару құқығын тоқтату және қалпына келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың: ҚР азаматы паспортының, ҚР азаматының жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін, сондай-ақ оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елде болу кезеңінде төлем қабілеттілігін растау қағидаларын бекітеді;
  • шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және елден шығу үшін қажетті қаражатының бар екенін растау қағидаларын бекітеді;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу арқылы қабылдаушы адамдардың өздерінде болатын иммигранттар туралы ақпарат беру тәртібін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың республика аумағы арқылы транзитпен өту тәртібін айқындайды;
  • қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдарында ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді қарайды, оларды есепке алып, тіркейді;
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ұсынуы бойынша босқындарды қоса алғанда, ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық кеңістіктегі жекелеген жер учаскелері мен объектілерге кіруін уақытша шектейді немесе оған тыйым салады;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елге кіруі мен елден шығуын есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтерді жүйелі түрде жаңартып отырады, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен ақпарат алмасуды уақтылы қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасына кіретін және оның аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР визаларын беруді, олардың күшін жоюды және қалпына келтіруді, сондай-ақ визалардың қолданылу мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды қамтамасыз етеді не Қазақстан заңнамасына сәйкес виза беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
  • шетелдіктерді Қазақстанға жеке істері бойынша шақыруды ресімдеуді, ҚР визаларын беру үшін қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау мен келісуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ бас тартуға негіз болған жағдайда шетелдіктерді республикаға шақырудан бас тартады;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды қамтамасыз етеді;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанға кіру және Қазақстаннан шығу визаларын, ҚР-да уақытша болуға және тұрақты тұруға рұқсат береді;
  • жеке басты куәландыратын құжаттарды: ҚР азаматының паспортын, ҚР азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдейді, береді, ауыстырады, алып қояды және жояды.

Қаулы 2026 жылғы 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!