Испанияда Килиан Мбаппені қорлаған жанкүйерге футбол матчтарына баруға тыйым салынды
© Сурет: Instagram/k.mbappe
Испанияның Астурия провинциясындағы сот Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге тіл тигізген "Реал Овьедо" жанкүйеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 17 қарашада сот отырысынан кейін "Реал Мадрид" футбол клубының ресми сайтында жарияланды.
"Сот 2025 жылғы 24 тамызда "Карлос Тартьере" стадионында өткен "Реал Овьедо" мен "Реал Мадрид" арасындағы матч кезінде ойыншымыз Килиан Мбаппеге нәсілдік тұрғыдан тіл тигізген адамды кінәлі деп таныды", – делінген клуб хабарламасында.
Айыпталушы 11 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған ірі көлемде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жанкүйерге екі жыл бойы футбол стадиондарына баруға және Килиан Мбаппеге жақындауға тыйым салынды.
"Бұл шешім "Месталья", "Сон Мойш", "Вальекас" және "Хосе Соррилья" стадиондарында "Реал" ойыншыларына нәсілдік тұрғыдан тіл тигізгендерге қатысты шығарылған қылмыстық үкімдердің қатарына қосылды. Бұл іс бойынша жеке айыптаушы ретінде қатысқан "Реал Мадрид" футболдағы және басқа да спорт түрлеріндегі нәсілшілдіктің кез келген көрінісімен күресуге және оны түбегейлі жоюға бейілді екенін растайды", – деп толықтырды клуб өкілдері.
Сот талқылауына себеп болған оқиға матчтың 37-минутында Мбаппе гол соққаннан кейін болған. Сол кезде жанкүйерлердің бірі футболшыға нәсілдік сипаттағы сөздер айтып, приматтарға тән қимылдар жасап, маймылдың дауысын салған.
Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Прокуратура мәліметінше, бейнежазбаны әлем бойынша 305 миллионнан астам адам көрген.
Айта кетейік, 2026 жылғы қазан айының соңында Килиан Мбаппе тағы бір үлкен даудың ортасында қалды. Қытайда француз шабуылшысының бейнесі бар жейделерді өртеп, плакаттарын жоя бастаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:48, 18 қараша 2026
Карлсен Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатыспай, техникалық жеңіліс алды
-
20:31, 17 қараша 2026
Қазақстандық шпагашылар Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
19:46, 17 қараша 2026
Садақ атудан жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
-
18:23, 17 қараша 2026
Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
-
17:51, 17 қараша 2026
Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер іздей бастады





