Қостанай облысында колонияға заңмен тыйым салынған заттарды лақтырғандар ұсталды

17:22, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: polisia.kz

2024 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 04:20 шамасында екі ер адам Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты №38 мекеменің аумағына таспамен оралған ақ түсті орамды лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеменің кезекші нарядының күшімен ЖЖ-6697 қарауылымен бірлесіп, көрсетілген орынға дереу барып, тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тоқтатылды.

Бұл жерге Қостанай қалалық ПБ солтүстік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. ЖТТ қызметкерлері тексеру жүргізген кезде табылған зат тәркіленіп, қораптан шығарылды, оның ішінде 6 телефон, 6 SIM карта табылды.

Қазіргі уақытта жедел іс-шаралар кешені барысында лақтыруға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайын және жеке тұлғаларды анықтау мақсатында одан әрі тергеу әрекеттері жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!