Қостанай облысында қарасора өсіру фактісі анықталды
© Фото: Zakon.kz
Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қызметтік иттермен құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтап, жолын кесті.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Б.Майлин атындағы аудан аумағында 41 жастағы тұрғын заңсыз түрде қарасора өсірді деген күдікпен ұсталды.
Санкцияланған тінту кезінде оның тұрғылықты жерінен полицейлер каннабис тұқымдарын, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес затты, топырағы бар алты гүл құтысын, фитолампаны, сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар деп болжанған алты түп өсімдік бұтасын тәркіледі.
Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтан каннабиноидтарды қолдану фактісі анықталды. Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша тәркіленген заттардың есірткі құралдары екені белгілі болды.
Нақтырақ айтқанда, 4 960 грамм каннабис, 1,70 грамм марихуана және 1,57 грамм гашиш. Аталған факт бойынша құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктіге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Полиция есірткі құралдарын өсіру, сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және ауыр құқықтық салдарға алып келетінін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:08, 15 қаңтар 2026
Ақтауда әскери қызметші қаза тапты
-
17:41, 15 қаңтар 2026
Алматыда қазақстандықтарды алдаған шетелдік call-орталықтың қызметі тоқтатылды
-
17:41, 15 қаңтар 2026
Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды
-
17:33, 15 қаңтар 2026
Алматыда жалған түбіртектермен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
-
17:20, 15 қаңтар 2026
FlyArystan-ның бұрынғы үш қызметкері 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды





