Көлік нөмірін қағазбен жауып қойған азамат жүргізуші құқығынан айырылды
© Фото: Zakon.kz
Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады.
Sitrak көлігі Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды.
Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды. Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы екен.
Ер адамға қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған көлiк құралын басқару бойынша хаттама жасалды.
Көлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша ер адамға қатысты бір тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 26 желтоқсан 2024
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 38 марқұмның 10-ын туыстары танып, жеке басын растады
-
18:51, 26 желтоқсан 2024
Сот Мейірхан Шерниязовтың да мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады
-
18:37, 26 желтоқсан 2024
Қазақстанда онкологиялық скринингтен 2,5 млн адам өтті
-
18:26, 26 желтоқсан 2024
Алматы-Өскемен тас жолында ұйытқыған қатты жел салдарынан жүк көлігі аударылып қалды
-
17:57, 26 желтоқсан 2024
«Жантүршігерлік кадр». Қарағанды облысында жоғалып кеткен бір үйір жылқы мұз астынан табылды