Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
© Сурет: Zakon.kz
Елордада түнімен жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетіп, біраз елордалық бүгін жұмысынан да кешіккен. Жол апаты да жиілеп, ауруханада түсушілер қатары да көп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жыл алдында елордада көктайғақ болып, жолдарда көлік кептелісі белең алды. Таңнан бері 100-ден астам жол апаты тіркелгенін полиция департаменті мәлімдеді. Бүгін тек Арқада емес, елдің басым бөлігінде жағдай осындай. Сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеп, қатқан мұз біртіндеп еріп жатыр. Астаналық дәрігерлер далаға шығарда ыңғайлы аяқ-киім киіп, абай жүруге шақырады. Себебі, көк мұзға омақаса құлап, аяқ-қолын шығарып дәрігерге қаралғандардың саны басым, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Таңғы сағат 7-ден бастап адамдар келе бастады. Енді халық жұмысқа шығады. Сол жұмысқа шыққандардың көшеде құлағаны бар. Сағат төртке дейін 44 адам қаралды. Оның ішінде сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Иығы, білегі сынғандар Ортопедия ғылыми орталығына кетті". Ұлықбек Асылбеков, Астана қаласы №3 көпбейінді аурухананың хирургиялық істері жөніндегі бас дәрігердің орынбасары
Бұған дейін синоптиктер Астанада 1 қаңтарда қар жауып, боран соғатыны, жолдарда көктайғақ болатынын ескерткен. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -5...-7°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:55, 31 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады - толық мәтін
-
22:38, 31 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл қарсаңында бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
-
21:57, 31 желтоқсан 2025
Республикалық маңызға ие тағы бір тас жол ішінара жабылды
-
21:51, 31 желтоқсан 2025
«Тұман, боран, көктайғақ»: 1 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:52, 31 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады





