Алматы жаңа жылды «Таза Қазақстан» акциясымен бастады

09:35, 1 қаңтар 2026

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Алматыда жаңа жылдық концерт аяқтала салысымен "Таза Қазақстан" акциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі коммуналдық қызметтер аумақты жедел тазалап, алаңдар мен көшелерден қоқыс жинап, қоғамдық орындарды ретке келтіргенін хабарлайды.

Акцияға мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер де қосылды. Қала тұрғындары тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

"Таза Қазақстан" бастамасы Алматының жаңа жылды мерекелік көңіл-күймен қатар, қалалық ортаға деген жауапты көзқараспен бастағанын көрсетті.

Бұған дейін Алматыда Жаңа жыл қарсаңында бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!