Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келеді

13:42, 24 мамыр 2024

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келе жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездескен "Rhenus Group" неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц айтты. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары сөз болды.

Тобиас Бартц терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Премьер-министр көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!