Қазақстанның оңтүстігінде жол қозғалысына шектеу қойылады: Ескі Құйық асуы бір аптаға жабылады
© Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Тараз-Шымкент республикалық автожолының 546-557 шақырымындағы ("Ескі Құйық асуы") учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында енгізіледі. Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Жол жабылған кезеңде Тараздан Қаратау бағытына қарай жүретін көліктер үшін облыстық маңызы бар Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент және Аса – Қарабастау автожолдары арқылы балама бағыт ұйымдастырылады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Шымкенттен Тараз бағытына қатынайтын ауыр жүк көліктері үшін "Жаңа Құйық асуы" арқылы жүруге мүмкіндік беріледі.
"Жүргізушілерден енгізілген шектеулерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптары мен жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Республикалық автожолдардың жағдайы мен қолданыстағы қозғалыс шектеулері туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Бұған дейін Алматы маңындағы тасжолда жүк көліктерінің қозғалысына 2026 жылдың соңына дейін шектеу қойылатынын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан БҰҰ Конгресінде заңдылықты нығайту және қылмыстың алдын алу тәсілдерін ұсынды
-
17:36, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда балаларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары жаңартылды
-
17:30, 28 қыркүйек 2026
Алаяқтар ақша ұрлау үшін курьер және eGov-пен байланысты жаңа схеманы ойлап тапқан
-
17:15, 28 қыркүйек 2026
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль иеленді
-
17:10, 28 қыркүйек 2026
Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында күміс медаль еншіледі





