Қазақстанның ең егде жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді

11:40, 6 қазан 2024

© Сурет: Ұлытау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентінде тұратын 114 жастағы Түймегүл Темірбаева референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жаңаарқалық кейуана Қазақстандағы жасы ең үлкен адам.

Еске салайық, бұған дейін тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Камила Қасымова Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беруге өзі барғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!