Қазақстандық студенттер BRICS Skills Competition–2025 халықаралық чемпионатында қола жүлдеге ие болды
© Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қытай Халық Республикасының Шаоян қаласында "2025 China Grand Final" аясында өткен "BRICS Skills Competition" халықаралық чемпионатында қазақстандық команда жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлінің ақпарына сүйенсек, чемпионатқа Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда және Оңтүстік Африка елдерінен 82 команда қатысты.
Айта кету керек, бұл чемпионат болашақ мамандардың заманауи технологиялар мен цифрлық құзыреттерін халықаралық деңгейде сынайтын маңызды алаң саналады.
Қазақстандық команда жоғары техникалық дайындық пен үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде үздіктер қатарына енді. BRICS-FS-16 / Internet of Things ("Интернет заттар") бағыты бойынша өткен халықаралық финалда Қазақстан намысын қорғаған команда қола медаль иеленді.

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
"Бұл жетістік – отандық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының халықаралық стандарттарға сай маман даярлап отырғанын айқын дәлелі" – дейді Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.
Жүлдегерлер Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері Сүндет Баянов, Ануар Рамазан, команда жетекшісі – Әділбай Жақсылық.
Халықаралық финал барысында қатысушылар "Интернет заттар" бағыты бойынша күрделі практикалық тапсырмаларды орындап, смарт-жүйелерді жобалау, бағдарламалау және интеграциялау бойынша өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
-
18:04, 16 желтоқсан 2025
Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді
-
17:40, 16 желтоқсан 2025
Қазақстандық конькимен жүгіруші Норвегиядағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды





