Мэрайя Кэри 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

18:53, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: instagram/mariahcarey

Аты аңызға айналған америкалық әнші Мэрайя Кэри Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті ресми түрде хабарлады.

"Бүкіл әлеммен мойындалып, ұрпақтар мен мәдениеттерді біріктіре алатын ерекше дауыс әрі тамаша шығармашылық иесі Олимпиадаға дайындықтың эмоционалды рухын танытатын болады", делінген хабарламада.

Ашылу салтанатының тақырыбы "Үйлесімділік" болмақ.

Бір қызығы, шоу бір уақытта төрт алаңда өтеді: аты аңызға айналған "Сан-Сиро" стадионында, сондай-ақ Кортина-д' Ампеццо, Ливиньо және Предаццо. Бұл Олимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға болмақ.

Ұйымдастырушылар, әзірге бағдарламаның егжей-тегжейін құпия ұстауды жөн санап отыр. Ашылу салтанатына арналған билеттер құны 260-тан 2000 еуроға дейінгі аралықты қамтиды. Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Бұған дейін біз 2026 жылғы Олимпиадаға шорт-тректен қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!