Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
© Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Бүгін, 2025 жылғы 22 желтоқсанда, Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Қазақстандағы мектеп оқушыларының қысқы каникулының қашан басталып, қашан аяқталатынын мәлімдеді.
Ведомство дерегіне сәйкес:
"Қазақстан мектептеріндегі каникул 10 күнтізбелік күнге созылады – 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда)".
Мамандар балаларға бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге кеңес береді.
Атап айтқанда:
- кітап оқу;
- танымдық экскурсияларға, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға бару;
- спорттық ойындарға қатысу, коньки мен шаңғы тебу;
- қайырымдылық акцияларына және басқа да іс-шараларға қатысу.
Айта кетейік, бұған дейін, күз мезгілінде, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) жазғы демалыс кезінде қанша оқушы жұмысқа орналасқанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:23, 22 желтоқсан 2025
Қазақстандық тұрғынға қоңырау шалған алаяқ абдырап қалды
-
16:13, 22 желтоқсан 2025
Алматының түрлі ауданында 13 жаңа жылдық локация пайда болды
-
16:06, 22 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
-
15:52, 22 желтоқсан 2025
Сеул, Токио және Париж үлгісімен: Астанада екі деңгейлі жол салу жоспарлануда
-
15:43, 22 желтоқсан 2025
22 желтоқсандағы саудада доллар арзандады





