Қазақстандық кәсіпорынға экологияны ластағаны үшін 3 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

11:24, 6 қыркүйек 2024

© Сурет:pixabay

Ақтөбеде "Восход Хром" ЖШС-ға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы прокуратурасының 6 қыркүйектегі ақпаратына сүйенсек, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

"Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды". Ақтөбе қаласы прокуратурасы

Нәтижесінде 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

"Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды",- деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгергені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!