Қазақстан құрамасының экс-бапкері қақпаға тұрып, турнир жеңімпазы атанды

11:20, 22 желтоқсан 2025

© Сурет: fc-akhmat.ru

Бұрынғы атақты ресейлік қақпашы, Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған Станислав Черчесов Австрияда ардагерлер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

62 жастағы маман жасына қарамастан алаңға шығып, өз командасының қақпасын сенімді қорғады. Ол ардагерлер командасының сапында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Нәтижесінде оның командасы аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

Станислав Черчесовтің мансабына тоқталсақ, ол 1996–2002 жылдар аралығында "Тироль" клубының құрамында 182 матч өткізген және Австрия чемпионы атағын үш рет иеленген. Сондай-ақ ресейлік қақпашы 1993–1995 жылдары Дрезденнің "Динамо" клубының намысын қорғаған.

Бұған дейін Мбаппенің "Реалға" жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!