Төтеншеліктер жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті

10:55, 22 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

2025 жылғы 22 желтоқсанда ТЖМ қызметкерлері жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қойбағар ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан республикалық маңызы бар "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолында жолаушылар қиын жағдайға тап болған.

"Көлік техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған. Құтқарушылардың күшімен көліктен үш адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының екі азаматы эвакуацияланды. Жолаушылар Қойбағар ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді",- делінген ақпаратта.

Ер адамдар жедел көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Бұған дейін Алматыда полицейлердің синтетикалық есірткі тәркілегенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!