Қазақстанда 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне төлемдер қалай жүргізіледі
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала күтімі үшін 1,5 жасқа дейін ай сайынғы әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл төлемді "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ жүзеге асырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 9 қыркүйекте "МӘСҚ" АҚ Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру және мониторинг департаментінің жетекші маманы Шынар Сүлейменова еске салды.
"Әлеуметтік төлем алу құқығы баланың туған сәтінен бастап пайда болады. Төлемнің мөлшері соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды", – деп нақтылады ол.
Маман маңызды шектеулерді атап өтті:
- төлемнің ең төменгі мөлшері мемлекеттік жәрдемақыдан төмен болмауы тиіс;
- ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген көлемінің 40%-ынан аспайды.
"Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда, әр балаға жеке төлем тағайындалады", – деді Ш. Сүлейменова.
Оның айтуынша, төлемге өтініш беруді бірнеше жолмен рәсімдеуге болады:
- egov.kz порталы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
- SMS арқылы проактивті форматта;
- немесе ХҚКО-ларда.
"Маңызды: әлеуметтік төлемге баланың туған күнінен бастап 18 ай ішінде өтініш беру қажет", – деп түсіндірді маман.
Әлеуметтік аударымдарды тексеру үшін де egov.kz порталы, банктердің мобильді қосымшалары немесе ХҚКО-ға жүгіну мүмкіндігі бар.
Еңбек министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда бала тууға және 1,5 жасқа дейінгі күтімге берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 408,5 мың адамды қамтыды. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 506,7 млрд теңге бөлінген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 25 тамыз 2026
«Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда». Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады
-
22:58, 25 тамыз 2026
«ЖІӨ-нің әрбір алтыншы теңгесі көзден таса қалуда». Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады
-
22:43, 25 тамыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:22, 25 тамыз 2026
Құрылтай сайлауының өтуіне орай президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр
-
21:22, 25 тамыз 2026
Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты





