Қазақстанда алдағы жылдары инфляция деңгейі қандай болады
© Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған инфляцияның болжамды деңгейін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның мәліметінше, инфляцияның болжамды дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5%, ал 2028-2029 жылдары 6-8% деңгейінде белгіленген.
"Макроэкономикалық болжамды ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері 2027 жылы 19,9 трлн теңге, 2028 жылы 21,7 трлн теңге, ал 2029 жылы 23,4 трлн теңге болады деп болжанып отыр. Бюджет қағидасына сәйкес кепілдендірілген трансферт көлемі 2027-2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, 2029 жылы 2 трлн теңге болып белгіленді", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлу көзделген.
Бұған дейін Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған жалпы ішкі өнімнің өсу болжамын таныстырған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 25 тамыз 2026
Енді оқушыларға барлық пән бойынша баға қойылатын болады
-
17:13, 25 тамыз 2026
Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі
-
16:59, 25 тамыз 2026
Сыр бойының ұмыт қалған тағамдары: қазақ дастарқаны қандай болған
-
16:56, 25 тамыз 2026
Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі





