Атырауда жоғалған азаматты табуға қызметтік ит көмектесті

12:53, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563266

© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Атырауда қызметтік іздестіру иті Герда 86 жастағы зейнеткерді табуға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 23:50 шамасында 86 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы оның қызы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, әкесі үйден белгісіз уақытта шығып кетіп, қайта оралмаған.

Кинологтар Рахымжан Ерболат пен Еламан Өтеулиев Гердаға жоғалған адамның киімін иіскеткен. Содан кейін ит ізге түсіп, үйден бастап іздестіру жұмыстарын бастаған.

Шамамен екі шақырым жүргеннен кейін қызметтік ит полицейлерді қамыс арасында орналасқан арнаға алып барып, жоғалған ер адамды тапқан. Зейнеткер аман-есен табылды, денсаулығына қауіп төнбеген.

"Герда 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде түрлі іздестіру шараларына қатысып, өзін сенімді көмекші әрі кинологтардың адал серігі ретінде көрсетіп келеді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағанды облысында 13 жастағы оқушы суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны хабарланған

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!