«Қар, бұршақ, нөсер жаңбыр». Елімізде ауа райы күрт құбылып, мінез танытатыны болжанады

18:35, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563360

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 2026 жылғы 26 тамызда, сәрсенбіде Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің бір бөлігінде қар жауып, бұршақ түсіп, нөсер жаңбыр жауса, тағы бір бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін, Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болатыны болжанады".

Сондай-ақ болжамға сәйкес, еліміздің екі өңірінде күндіз қатты ыстық болатыны ескертілген:

  • Маңғыстау облысында: +38...+39°С;
  • Қостанай облысының оңтүстігінде: +35°С.

Бұдан бөлек, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстанның солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл, Алматы облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздің ірі үш қаласы бойынша 26, 27 және 28 тамызға арналған аңуа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!