Қазақстандық мұнай өңдеу зауыты Ресейге бензин мен дизель отынын жеткізеді
© Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "Конденсат" мұнай өңдеу зауытының мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерлан Ақкенженов зауыттың Қазақстанның батысында орналасқанын еске салды.
"Қателеспесем, компанияның 50%-ы ресейлік компанияға тиесілі. Энергетика министрлігіне Ресей Федерациясынан зауытты ресейлік мұнаймен қамтамасыз ету туралы ресми хат келіп түсті. Бұған ешқандай кедергі көріп отырған жоқпын. Өйткені өндірілген бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалады, ал қалған бөлігі Ресейге шығарылады. Компания санкциялық тізімдерге енгізілмегендіктен, ешқандай санкциялық тәуекел жоқ", – деді ол.
Министр зауыттың Ресейге жақын орналасқанын, алайда оны Қазақстанның немесе Ресейдің құбыр жүйесімен байланыстыратын мұнай құбыры жоқ екенін атап өтті.
"Мұнай теміржол көлігімен жеткізіледі. Сондықтан барлығы теміржолдың өткізу қабілетіне байланысты болады. Қазіргі уақытта сұранысқа ие мұнай өнімдерінің 30%-ына дейінгі бөлігі, яғни бензин мен дизель отыны Қазақстанда қалады деген уағдаластық бар. Қалғаны Ресейге жөнелтіледі. Бұл – қалыпты шарт", – деді Энергетика министрі.
Сондай-ақ ол жобаны іске асырудың Қазақстанға беретін артықшылықтарын атады.
"Бұл Қазақстанға қандай пайда әкеледі? Біріншіден, елімізге қосымша инвестиция тартылады. Екіншіден, жоғары сапалы мұнай өнімдері өндіріліп, ішкі нарық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жұмыс орындары сақталады. Бұған дейін "Конденсат" АҚ иесінің Қазақстанның Даму банкіне, қателеспесем, шамамен 100 млн доллар көлемінде ірі берешегі болған. Жаңа меншік иесі келіп, бұл қарыздарды түгелге жуық өтеді. Бұл жақсы, өйткені ол да біздің экономикамызға жұмыс істейді", – деп қорытындылады Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанда қанша бензин қоры бар екенін айтқан еді. Сондай-ақ еліміздегі жанармайды "жанармай туристері" деп аталатын шетелдіктердің сыртқа әкетіп жатқанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:13, 25 тамыз 2026
Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі
-
16:59, 25 тамыз 2026
Сыр бойының ұмыт қалған тағамдары: қазақ дастарқаны қандай болған
-
16:56, 25 тамыз 2026
Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі
-
16:51, 25 тамыз 2026
Жылыту маусымына дайындық: Қазақстанның екі өңірі кестеден қалып келеді





