Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

10:02, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567317

© Фото: pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік зерттеулерден өтуге тиіс адамдардың нысаналы топтарына, сондай-ақ мұндай зерттеулерді өткізу қағидалары мен мерзімділігіне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістер В және С вирустық гепатиттеріне скрининг жүргізу тәртібіне қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өзгерістер скринингтің қолжетімді әрі уақтылы жүргізілуіне және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде үш жыл ішінде скринингпен қамтылған азаматтар санын көбейту жоспарланып отыр.

Жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері үшін бұл өзгерістер қосымша қаржылық жүктемесіз қызметкерлердің денсаулығын жақсартып, жұмыс уақытының жоғалуын азайту арқылы ұзақ мерзімді оң әсер береді.

Жалпы, түзетулер скринингтің тиімділігін арттыруға, оны белгіленген мерзімде аяқтауға, медициналық көмекке кеш жүгіну жағдайларын азайтуға және халыққа көрсетілетін профилактикалық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 1 қазанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!