Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 16 қыркуйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы Чо Чжон Шикке ілтипат білдіріп, оны Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері болып сайлануымен құттықтады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Ли Чжэ Мёңмен жүргізген келіссөздерінің нәтижесіне тоқталды.
"Мазмұнды әрі мағыналы кездесу болды. Біз екіжақты ықпалдастығымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Корея парламентінің өкілдеріне Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы мәлімет берді.
"1 шілде күні халқымыз жаппай қолдаған Конституция заңды күшіне енді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерісіне тың серпін береді деп ойлаймыз. Екі палаталы Парламенттің орнына жаңа бір палаталы құрылым келді. Вице-Президент лауазымы пайда болды. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жасақталды. Оған қоса конституциялық мәртебесі бар бірегей консультативтік орган – Халық Кеңесі жұмысын бастады. Мақсатымыз – Әділетті, Күшті, Таза әрі Озық Қазақстанды құру", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 15 қыркүйек 2026
Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
17:51, 15 қыркүйек 2026
Тоқаев Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы туралы айтты
-
17:51, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев «БРИКС плюс» cаммиті аясында қандай елдердің басшыларымен жүздесті
-
17:10, 13 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
-
15:11, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев: Қытай мен Еуропа арасында жеткізілетін жүктің 85 пайызы Қазақстан аумағымен өтеді





