Бес жасар баласын қызық үшін көлікте қалдырып кеткен ата-ана жауапқа тартылды

10:35, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567329

© Сурет: pexels

АҚШ-тың Аризона штатында ата-анасы бес жасар ұлын ыстық көлікте қалдырып кеткені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az сайты The New York Post басылымына сілтеме жасап жазғандай, полиция Михаил мен Анке Сабоның көліктен шығып, шамамен 50 танысы жиналған кешке кеткенін анықтады. Кешке ерлі-зайыптылардың балалары да барған.

Осы кезде кішкентай Тео көліктің ішінде қалған. Әкесі оны көліктен шығаруы керек болған, алайда ұмытып кеткен. Оқиға болған күні ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілген. Көліктен өздігінен шыға алмаған бала оның ішінде екі сағаттан астам уақыт болған.

Ата-анасы баланы ес-түссіз күйде тауып, оның есін жиғызуға әрекеттенген. Алайда бааның қайтыс болғанын түсінген.

Тергеу кезінде Михаил 14 жастағы ұлынан Теоны көліктен шығарып жіберуді сұрағанын, бірақ жасөспірімнің бұл өтінішті ұмытып кеткенін айтқан. Алайда бұл ақпарат расталмады.

Ата-анасы қамауға алынып, кейін 150 мың доллар көлемінде кепілмен босатылды. Енді олар басқа балаларымен тек бақылаушылардың қатысуымен ғана кездесе алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!