Көпшілік біле бермейтін демалыс орны: қазанда +26°C-қа дейін жылы
© Сурет: magnific
Грек аралы Парос әсем жағажайларымен, көрікті ауылдарымен және саяхатшылардың, әсіресе жасы үлкен туристердің көңілінен шығатын тыныш атмосферасымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Express басылымының жазуынша, Паростың басты артықшылықтарының бірі – тыныштығы. Әсіресе әйгілі көршілерімен салыстырғанда, мұнда туристердің қарасы қалың емес.
Киклад аралдарындағы ең көрікті дәстүрлі ауылдардың кейбірі мен ондаған тамаша жағажай Пароста орналасқанымен, арал маңайдағы Миконос пен Санторини сияқты туристерге лық толы емес. Яғни мұнда адам көп жиналмайтын классикалық кикладтық демалысты тамашалауға болады.
Паростағы жағажайлар да алуан түрлі. Аралда барлығы 39 жағажай бар. Олардың арасында адам аяғы сирек басатын, оңаша демалып, теңізде жалғыз шомылуға болатын жерлер де, жағажай клубтары мен су спортына арналған мүмкіндіктері бар танымал әрі кең жағажайлар да кездеседі.
Парос өмірдің баяу ырғағы, жайпақ табиғаты және басқа таулы аралдарға қарағанда жүруге ыңғайлы жер бедері арқасында жасы үлкен демалушыларға ерекше қолайлы.
Жартастары биік әрі баспалдақтары көп аралдарға қарағанда, Паростың жер бедері әлдеқайда тегіс. Бұл буындарға түсетін салмақты азайтады.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:37, 17 қыркүйек 2026
Алдағы үш жылда Қазақстан экономикасы 5%-дан астам өседі деп болжанып отыр
-
11:31, 17 қыркүйек 2026
2027 жылы Қазақстан бюджетіне қанша қаражат түседі
-
11:22, 17 қыркүйек 2026
Суданда ондаған адам алтын кенішінің астында қалып, қаза тапты
-
11:16, 17 қыркүйек 2026
Дельфиндерді тамашалауға барған туриске акула шабуыл жасады
-
11:09, 17 қыркүйек 2026
2027 жылы Қазақстан бюджетінің шығысы 30 трлн теңгеден асады





