Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы «алтын көпірді» атады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда екі елдің заң шығарушы органдары маңызды рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент соңғы жылдары мемлекеттер арасындағы парламентаралық диалогтың айтарлықтай тереңдегенін атап өтті.
"Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы байланыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осындай байланыстарды Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамыта бермек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастардың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттарына да тоқталды.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар көптеген маңызды салада бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.
"Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың тамыры тереңде. Қазақстанда шамамен 120 мың корё-сарам қауымы, яғни этникалық корейлер тұрады. Олар халықтарымыз арасындағы достықтың "алтын көпірі" десек, артық болмайтын шығар", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толатынын еске салды.
"Бұл – тарихи оқиға. Екі мемлекет бірлесіп, осы айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 16 қазан 2026
Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтері ірі операцияны жүзеге асырды
-
17:04, 16 қазан 2026
Жетісу облысының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарына табиғи газ берілді
-
17:00, 16 қазан 2026
Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі мен Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады
-
16:55, 16 қазан 2026
Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады
-
16:47, 16 қазан 2026
Люкс санатындағы көліктер мен ірі бизнес: Еңбек министрлігі А және В санаттарына қандай отбасылар жататынын тү





