Словакия президенті Елена Рыбакинаға қатысты пікір білдірді

10:42, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567328

© Сурет: Instagram/peter_pellegrini

Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен жеке құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, Пеллегрини теннисшімен президент сарайында кездесіп, оның өмір жолындағы Словакияның рөлін атап өтті.

"Әлемнің бірінші ракеткасы Словакияны алты жылдан бері өзінің екінші үйі деп атайтынын білесіз бе? Иә, Елена Рыбакина Қазақстан атынан өнер көрсетеді, алайда Словакия оның өміріндегі маңызды орынға айналды. Ол дәл осы елде жыл сайын маңызды турнирлер алдындағы жаттығуларын өткізеді. Словакия оның спорттық мансабының маңызды бөлігі саналады. Оны сарайымда қабылдап, жетістігімен жеке құттықтау мүмкіндігіне ие болғанымды үлкен мәртебе санадым", – деп жазды Пеллегрини әлеуметтік желідегі парақшасында.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінде жеңіске жетті. Финалдық кездесуде ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!